Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
42-бап. Неке шартын өзгерту және бұзу



Ст. 42 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Неке шарты ерлi-зайыптылардың келiсiмі бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келiсiм неке шартының өзi сияқты нысанда жасалады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, неке шартын орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi.

2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде шартты өзгерту және бұзу үшiн белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша соттың шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

3. Неке шартында неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылғаннан кейiнгi кезеңге көзделген мiндеттемелерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.

Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...283 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 42-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV