Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
44-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу



Ст. 44 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша тек сол жұбайының мүлкi ғана өндiрiп алынады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған кезде кредит берушi өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде борышкер жұбайға тиесiлi болатын борышкер жұбайдың үлесiн бөліп беруді талап етуге құқылы. 

2. Егер сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша алынғандардың бәрi отбасының мұқтажына пайдаланылғанын анықтаса, өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi өндіріп алынады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған кезде ерлi-зайыптылар көрсетілген мiндеттемелер бойынша өздерiнiң әрқайсысының мүлкiмен ортақ жауапкершілікте болады. 

Егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыстық жолмен алған қаражат есебiнен сатып алынғаны немесе көбейтiлгенi анықталса, тиiсiнше ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе оның бiр бөлiгi өндіріп алынады. 

3. Ерлi-зайыптылардың өздерінің кәмелетке толмаған баласы келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен айқындалады. Ерлi-зайыптылардың өздерінің кәмелетке толмаған баласы келтiрген зиянды өтеуi кезiнде осы баптың 2-тармағына сәйкес олардың мүлкiнен өндiрiп алыну жүргізіледі.

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...283 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 44-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV