Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
5-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы)қатынастарына қолдану



Ст. 5 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV




1. Осы Кодекстің 3-бабында аталған, Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады, өйткені бұл неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарының мәніне қайшы келмейді. 

2. Осы Кодекстің 3-бабында көзделген қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе тараптардың келісімімен тікелей реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін (заң ұқсастығы) Қазақстан Республикасының неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңнамасының нормалары қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаған кезде, неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының неке-отбасы немесе азаматтық заңнамасының жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып, сондай-ақ заңның уақытқа, кеңістікке және адамдар тобы бойынша қолданылу қағидаттары сақтала отырып, айқындалады. 

2-тарау. НЕКЕ-ОТБАСЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ-ОТБАСЫ)
ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ


Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...283 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV