Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
69-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары



Ст. 69 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бiрге тұруға және оның тәрбиесіне қатысуға құқығы бар. 

2. Некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған), кәмелетке толмаған ата-аналар өздерінде бала туған жағдайда және өздерінің ана және (немесе) әке болуы анықталған кезде олар он алты жасқа толған соң ата-ана құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бiрге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-аналары арасында туындаған келiспеушiлiктерді кәмелетке толмаған баланың және ата-аналарының мүдделері мен құқықтарын ескере отырып, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді. 

3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негiздерде өздерiнiң әке және ана болуын тануға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ өздері он төрт жасқа толғаннан кейiн сот тәртiбiмен өз балаларына қатысты әке болуды анықтауды талап етуге құқығы бар.

Статья 1 ...67 68 69 70 71 ...283 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 69-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV