Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру



Ст. 75 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Егер ата-аналар:

1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;

2) өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;

3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;

4) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;

5) спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.

 2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.

 Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...73 74 75 76 77 ...283 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 75-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV