Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі



Ст. 76 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Ата-ана құқықтарынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 

Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініштері, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады. 

2. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады. 

3. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешедi. 

4. Егер сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде ата-аналардың iс-әрекетiнен қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін байқаса, ол мұны жеке қаулымен прокурордың назарына жеткiзуге мiндеттi. 

5. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот бұл шешiмнiң үзінді көшiрмесiн баланың тууын мемлекеттiк тiркеу орыны бойынша тіркеуші органға және баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберуге мiндеттi.

Статья 1 ...74 75 76 77 78 ...283 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 76-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV