Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
82-бап. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу



Ст. 82 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Баланың өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланы ата-аналардан немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы. 

Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган сот шешімі қабылданғанға дейін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде баланы дереу айырып алады. 

2. Баланы айырып алу кезінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган кешіктірмей прокурорға хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы баланы айырып алу туралы актiні шығарғаннан кейiн жетi күн iшiнде ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге мiндеттi.

Статья 1 ...80 81 82 83 84 ...283 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 82-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV