Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
85-бап. Балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері



Ст. 85 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемiнде екі апта тiкелей қатынасуға, баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын тексеріп-қарау актісін, жиынтық табыс мөлшері, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы туралы, сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуға міндетті.

2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім-балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алудың рәсімдері аяқталғанға дейін балаларды қорғаншылыққа немесе патронатқа алуға құқығы бар.

3. Бала асырап алуға үміткер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш, сондай-ақ арнайы уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар және бала асырап алу жөніндегі ұйымдар беретін, табыстары, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық хал-жайы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы, сотталмағандығы туралы, ықтимал ата-аналардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтамалар береді. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына құжаттарды табыс еткеннен кейін және асырап алушы баланы асырап алуға келіскен жағдайда асырап алушы баламен кемiнде төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс.

Статья 1 ...83 84 85 86 87 ...283 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 85-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV