Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
94-бап. Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу



Ст. 94 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV



Егер ата-аналар:

1) белгiсiз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;

2) сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныған;

3) сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған;

4) баламен бiрге тұрмаған және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен күтіп-бағудан жалтарған жағдайларда, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.

Некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ананың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы жазбаша өтініші болған кезде сот ата-аналардың баланы асырап алуға келісімін растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.

Статья 1 ...92 93 94 95 96 ...283 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 94-бап Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV