Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
15-бап. Қаржылық есептiлiк



Ст. 15 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234



1. Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi.  

2. Мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк мыналарды қамтиды:

1) бухгалтерлiк баланс;

2) пайда мен зияндар туралы есеп;

3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;

5) түсiндiрме жазба.

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді. 

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді. 

4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.

Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне оның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.

 Бұқаралық мүдде ұйымының қаржылық есептілігіне басшылық және кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтер қол қояды.

 Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234