Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:



Ст. 4 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы



Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн: 
бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегi, сондай-ақ салық режiмi тұрақтылығының кепiлдiгi сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша роялти;

бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша – бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.

Бұл ретте салық режiмi тұрақтылығының кепiлдiгi сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер жоғарыда көрсетiлген аударымдарды немесе әлеуметтiк салықты «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;

«Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек; «Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы