Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124


Утратил силу

Жеке кәсiпкерлiк туралы
15-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыретi

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын жүргiзудi жүзеге асырады;

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;

4) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегi шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;

5) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсiпкерлiктi дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;

6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) жеке кәсiпкерлiктi қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады;

8) республика өңiрлерiнде шағын және орта кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға септiгiн тигiзедi;

9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

10) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

12) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

13) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;

14) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;

15) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;

16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;

17) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

18) жеке кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;

19) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiн хабардар етедi;

20) уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау критерийлерін, ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіруді жүзеге асырады;

21) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

21-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;

21-2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;

21-3) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын әзірлейді;

21-4) реттеуші мемлекеттік органдарға реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және олардың қызметін үйлестіреді;

21-5) мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды реттеушілік әсерді талдауды енгізу және жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады;

22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...51

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться