Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жеке кәсiпкерлiк туралы

Жеке кәсiпкерлiк туралы
19-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту



Ст. 19 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124



1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:

Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;

шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;

шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн қолжетiмдiлiгi;

шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

2. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту:

1) қаржылық қолдау көрсету;

2) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру;

3) бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру;

4) бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру;

5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң  өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.

Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды.

3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылық қолдау:

1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;

2) екiншi деңгейдегi банктер және микрокредит беру арқылы кредит берудi ұйымдастыру;

3) экономика салаларында әлеуметтiк маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру;

4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру;

6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;

8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.

4. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.

5. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары халықты жеке кәсiпкерлiкке тарту, жаңа шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн құру мақсатында құрылады.

Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының мiндеттерi:

1) кәсiпкерлiк ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;

2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенiн көрсету;

3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;

4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң инновациялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;

5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кәсiби өсуiне жәрдемдесу;

6) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;

7) семинарлар, тренингтер өткiзу;

8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң деректер базасын қалыптастыру;

9) шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау мен қорыту болып табылады.

6. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшiн құрылады.

Бизнес-инкубатордың мiндеттерi:

1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн iрiктеу;

2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiлiм беру, маркетингтiк, консалтингтiк және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.

7. Сауда-делдалдық қызметтi қоспағанда, өндірістік қызметті және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерi сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлуi мүмкiн.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 178, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17-1 18 19 20 21 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124