Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жеке кәсiпкерлiк туралы

Жеке кәсiпкерлiк туралы
21-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау



Ст. 21 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124



1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау олардың бәсекеге қабiлеттi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) шығаруға мүмкiндiк беретiн кәсiби деңгейiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

2. Шағын кәсiпкерлiктi оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау:

жеке кәсiпкерлiктi жүргiзу мәселелерi бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;

жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдiстемелiк құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;

өңiрлерде ақпараттық, консалтингтiк орталықтар желiсiн құру;

өңiрлерде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқытуды ұйымдастыру үшiн менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады.

3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124