Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жеке кәсiпкерлiк туралы
26-бап. Сарапшылық кеңестер



Ст. 26 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124




1. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптама кеңестеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.

Сараптамалық кеңестің отырысы бір тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі.

2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.

Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң құрамы мемлекеттiк органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.

3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейтiн мемлекеттiк орган, мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актілерді қоспағанда, оны сарапшылық кеңестiң қарауына енгiзедi.

3-1. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актілердің жобасын қарауы осы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асырылуы мүмкін.

3-2. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.

4. Сарапшылық кеңестер туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

5. Сарапшылық кеңестердiң жұмысын талдау мен оның мониторингiн кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi органның жанынан құрылатын үйлестiру кеңесi жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады.

Үйлестiру кеңесiнiң құрамын уәкiлеттi органның басшысы қалыптастырады.

  Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
6-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРIН ТIРКЕУ ЖӘНЕ ТАРАТУ


Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124