Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жеке кәсiпкерлiк туралы

Жеке кәсiпкерлiк туралы
28-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң банкроттығы, оларды қайта ұйымдастыру және тарату



Ст. 28 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124



1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi борышкердің немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiшi негiзiнде сот шешiмiмен банкрот деп танылады.

Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке кәсiпкерлiктiң нақты ұйымдық-құқықтық нысаны үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi немесе мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.

Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде - дара кәсiпкер өз бетiмен, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады.

 Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш ұсынады.

Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер ол үшiн оған қатысушылардың жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады.

4. Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:

1) ол банкрот деп танылған;

2) тiркеу кезiнде жiберiлген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған;

3) қызметiн күнтiзбелiк жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;

4) ол қайтыс болды деп жарияланған;

5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.

5. Осы бапта көзделген негiздерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:

 1) өзiндiк кәсiпкерлiк – дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;

2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезінде;

3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген, қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату көзделетін жағдайда да тоқтатылады.

6. Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.

Дара кәсіпкер уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

7. Белгiленген жағдайларда тiркеусiз дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыру кезiнде оны тоқтату ерiктi сипатта болса - нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезiнде тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.

8. Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар төмен немесе орташа дәрежедегі тәуекел санатына жатқызған жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді.

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 188-IV (2010.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 № 225-IV қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз) Заңдарымен. 
7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
 Ескерту. 7-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124