Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жеке кәсiпкерлiк туралы
4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты мен принциптерi



Ст. 4 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124



1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.

2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi:

жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;

кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi;

жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi;

Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;

жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы;

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.

  Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 5-1 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124