Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жеке кәсiпкерлiк туралы

Жеке кәсiпкерлiк туралы
43-бап. Жеке кәсiпкерлiкке кедергi келтiргенi үшiн жауаптылық



Ст. 43 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124



1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi жасайтын кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2. Қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұру немесе тыйым салу солардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық ұйымдардың, кредиттiк бюролардың кәсiпкерлiк қызметiн қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұруды немесе тыйым салуды бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.

 3. Қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда жол берiледi.

4. Кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi келтiру салдарынан жеке кәсiпкерлiк субъектiсi көтерген барлық шығындар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген өзге де зиян өтелуге жатады.

Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...36 42 43 44 45 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 43-бап Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124