Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5-1 Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124


Утратил силу

Жеке кәсiпкерлiк туралы
5-1-бап. Реттеушілік әсерді талдау

1. Реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру болып табылады.

2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі.

3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы мүмкін немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін.

Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуға жатады.

4. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген, өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүргізеді.

5. Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу жаңа реттегіш құралды енгізудің міндетті шарты болып табылады.

6. Қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен жүргізеді.

7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

1) реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қарайды және реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;

2) реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.

8. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелері интернет-ресурстарда орналастырылады.

Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 
2-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРI ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС
IСТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Статья 1 ...4 5 5‑1 6 6‑1 ...51

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться