Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төтенше жағдай туралы
12-бап. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары



Ст. 12 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387



1. Мемлекеттiк комиссияның негiзгi міндеттерi мыналар болып табылады:

1) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайларды жою жөнiнде шаралар әзiрлеу;

2) төтенше жағдай енгiзiлген аумақтың қызметiн басқару мен қамтамасыз ету жөнiнде жедел iс-шаралар жүргізудi ұйымдастыру;

3) төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларды уақытша тұруға арналған тұрғын үй-жайларға орналастыруды, оларға қажетті көмек көрсетуді ұйымдастыру; 

4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзілген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзу үшiн негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегі қызметiн үйлестiру;

5) төтенше жағдай кезеңiнде жүргізiлетiн iс-шаралардың орындалуын бақылау.

2. Негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзілген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi қызметiн үйлестiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;

2) Мемлекеттiк комиссияға жүктелген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарын және төтенше жағдай енгiзiлген жергiліктi жерлердiң коменданттарын тыңдайды;

3) орталық және жергіліктi атқарушы органдардан, ұйымдардан Мемлекеттiк комиссияның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратады және алады;

4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың, төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жерлердiң комендатураларының төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою жөнiндегi iс-шараларды орындауын бақылайды;

5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою мәселелерiн шешу үшiн талдамалық, сараптау және басқа да қажеттi жұмыстарды орындауға тартады;

6) осы Заңның 15, 16-баптарында көрсетiлген қосымша шаралар мен уақытша шектеулердi енгiзудің тиiмдiлiгiн қарайды. Төтенше жағдай енгізуге негiз болған мән-жайлар толық немесе iшiнара жойылған кезде Қазақстан Республикасының Президентiне қосымша шаралардың, уақытша шектеулердiң немесе төтенше жағдайдың толық немесе ішінара күшiн жою туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi. <*>

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.14. № 117 Заңымен.

Статья 1 ...10 11 12 12-1 13 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387