Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төтенше жағдай туралы
18-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болуы кезеңiндегi жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi



Ст. 18 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387



1. Төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар берiледi, материалдық зиянның орны толтырылады, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және шекте қажеттi көмек берiледi.

2. Төтенше жағдай енгiзуге негiз болған мән-жайларды жою қажеттiлiктерi үшiн мүлiктерi мен ресурстары пайдаланылған жеке және заңды тұлғаларға материалдық залалды сонымен бiрдей өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387