Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төтенше жағдай туралы

Төтенше жағдай туралы
20-бап. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды ұстау тәртiбi



Ст. 20 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387



1. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери патрульдер - коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзiмен бiрге болмағандарды жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының шешiмi бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерiмен бiрге болған заттары мен көлiк құралдарының тексерiлуi мүмкiн.

2. Iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының ұстау туралы шешiмi жөнiнде жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға немесе сотқа шағым берiлуi мүмкiн.

3. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде адамдар мен жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының таралу қаупiнiң туындауы салдарынан карантин енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай режимiн бұзған, көрсетiлген жерлерде тұрмайтын және басқа да жағдайларда бұл аумақтың шегiнен мiндеттi түрде шығарылуға тиiс жеке тұлғалар оларды байқауға алудың денсаулық сақтау органдары белгiлеген мерзiмi аяқталғанға дейiн жалпы негiзде ұсталып, кiдiртiледi.

4. Ұсталып кiдiртiлген адамдарды ұстау тәртiбi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарымен белгiленедi.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387