Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төтенше жағдай туралы

Төтенше жағдай туралы
3-2-бап. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі құзыреті



Ст. 3-2 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387



1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған іс-әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған төтенше жағдайларды анықтайды, олардың алдын алады және жолын кеседі.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы орган болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жергілікті жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдардың ұйымдасуынан және әрекетінен туындаған төтенше жағдайлардың алдын алады және оларды жоюды жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық іс-әрекеттерден; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысады.

Статья 1 ...3 3-1 3-2 3-3 3-4 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-2-бап Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387