Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төтенше жағдай туралы

Төтенше жағдай туралы
5-бап. Төтенше жағдайды енгiзу тәртiбi



Ст. 5 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387



1. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы немесе оның жекелеген жерлерiндегi төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен және Парламентi палаталарының төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi жарлығымен енгiзедi, бұл туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады.

2. Төтенше жағдай қалыптасқан жағдайды өзге  шаралар қолданумен реттеу мүмкiн болмаған жағдайда енгiзiледi.

3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресми баспа басылымдарында дереу жариялануға тиiс және барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткiзiледi.

4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Төтенше жағдайды енгiзу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген мерзiмде қолданысқа енгiзiледi.

Статья 1 ...3-4 4 5 6 7 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387