Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,  астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы  органдарының табиғи және техногендiк сипаттағы  төтенше жағдайлар саласындағы құзыретi



Ст. 13 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы



Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақтағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшiн жауапты болады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдары тиiстi (ведомстволық бағынысты) аумақтағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы есептерiн тыңдайды;

- төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қатысты бөлiгiнде көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшiн жергiлiктi атқарушы органның жергiлiктi бюджет құрамындағы резервiнiң көлемi туралы, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлiк медициналық және басқа ресурстардың жергiлiктi қорларын құру туралы шешiмдер қабылдайды;

- төтенше жағдайлар пайда болған кезде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiнде мiндеттi ережелер қабылдауға құқылы, оларды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделедi. Мiндеттi ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеуге тиiс және дереу күшiне енедi;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- құзыретi шегiнде уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi, оның iшiнде мүлiктi реквизициялау жөнiндегi iс-шараларды «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес орындауды ұйымдастырады;

- төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссияларды құрады және олардың құрамын айқындайды. Жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссиялардың төрағалары болып, ал уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары комиссия төрағаларының орынбасарлары болып табылады;

- бюджет қаражаты болған кезде уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге сәйкес уәкiлеттi органның аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерiн материалдық-техникалық жарақтандыруда, сондай-ақ үйлер мен ғимараттар салуда, оларды реконструкциялауда және жөндеуде уәкiлеттi органға жәрдемдесуге құқылы;

- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты тергеуге қатысады;

- бекiтiлген бюджет нысаналарына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;

- материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстардың жергiлiктi қорларын құрады және пайдаланады;

- төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның өтелуiн, медициналық қызмет көрсетудi, төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс iстегенi үшiн өтемақылар мен жеңiлдiктер алуды өз құзыретi шегiнде қамтамасыз етедi;

- төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

- жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы аумағында жергiлiктi өзiн-өзi басқару орындарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою iсiне қатысуына жол берiледi, бұл халықтың жергiлiктi мәнi бар мәселелердi дербес шешуiн қамтамасыз етедi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.19 N 51, 2004.06.15 N 563, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 4 тарау

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын

алу  

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...39 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы