Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
18-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлар саласындағы қорғану шаралары



Ст. 18 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы



Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуiн, шығындар мен залалды мүмкiн болғанынша барынша азайту үшiн мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиiс:

- сейсмикалық жағынан берiк құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық берiктiгiн күшейту;

- гидротехникалық және инженерлiк-геологиялық қорғану шаралары;

- көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiкте төтенше жағдайларды болғызбау үшiн коммуникациялар жүйелерiн жетiлдiру;

- қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қорғану шаралары;

- өрттерге (жарылыстарға), iндеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсiмдiктерi мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;

- арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар.

Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатерiне байланысты қызметi Қазақстан Республикасының сақтандырудың мiндеттi түрлерi туралы заңнамалық актiлерiнiң талаптарына сәйкес сақтандырылуға тиiс.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 5 тарау

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою  

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...39 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы