Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
25-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлар саласындағы сараптаманың  мiндеттерi мен объектiлерi



Ст. 25 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы



Сараптаманың мiндеттерi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi нормативтердi, стандарттар мен ережелердi, шаралардың толық және тиiмдi жүргiзiлуiн зерттеу болып табылады.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптамаға мыналар жатады:

- нормативтiк, техникалық, құжаттама және жобалау құжаттамасы;

- егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп төндiрсе, оның қатерлiлiк және зияндылық деңгейiн анықтау;

- жағдайды қадағалау, бақылау және төтенше жағдайларға болжам жасау шараларын орындау;

- бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету;

- қорғану шараларын және төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүзеге асыру.

Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.12.29 N 209 Заңымен.  

Статья 1 ...24-1 24-2 25 26 30 ...39 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы