Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
26-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше  жағдайлар саласында сараптама және мемлекеттiк  есеп жүргiзу



Ст. 26 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы



Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк сараптаманы арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар, ал қоғамдық сараптаманы өздерiнiң жарғыларына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүргiзедi.

Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу бөлiгiнде мемлекеттiк сараптама Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.

Ұйымдар төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан авария, зiлзала мен апат туралы есеп бередi, ал арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттiк есебiн жүзеге асырады.

Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.07.02 N 454, 2006.12.29 N 209 Заңдарымен. 7 тарау

Статья 1 ...24-2 25 26 30 31 ...39 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы