Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Азаматтық қорғау туралы

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
5-бап. Ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы  төтенше жағдайлар саласындағы мiндеттерi

Ұйымдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, өткiзуге;

- төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi туралы немесе пайда болуы туралы белгiленген тәртiппен ақпарат берiп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнiнде хабардар етуге;

- қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезiнде әскерилендiрiлмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдiстерiн үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететiн жергiлiктi жүйе құрып, оны үнемi әзiрлiкте ұстауға;

- қарауындағы өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлерде, соларға iргелес аумақтарда бекiтiлген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтiру және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге;

- заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына келтiру шараларын жүзеге асыруға мiндеттi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша қызметiнде төтенше жағдайлардың пайда болу қатерi басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерiн жасап, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар құрылуын, дайындалуы мен әзiрлiкте ұсталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Ұйымдар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өнеркәсiп объектiлерiнiң қауiпсiздiгi декларациясын табыс етедi.

Өнеркәсiп объектiсiнiң қауiпсiздiгi декларациясында келтiрiлген мәлiметтер тiзбесi мен оларды ресiмдеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Ұйымдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралардың, арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларының орындалуына дербес жауап бередi.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1999.03.12 N 347, 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  
Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...39

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться