Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы
8-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи  және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар  саласындағы мiндеттерi



Ст. 8 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы



Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар және азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi олардан қорғау саласындағы заңдарын сақтауға;

- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн авария, зiлзала және апат жайында тиiстi органдарды хабардар етуге;

- тұрмыста, күнделiктi еңбек және шаруашылық қызметiнде қауiпсiздiк шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк және технологиялық тәртiптiң, қауiпсiздiк талаптарының бұзылуына жол бермеуге;

- азаматтық қорғаныс дабылдарын, төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi төнген немесе олар пайда болған кезде жүрiп-тұрудың белгiленген ережелерi мен iс-қимыл тәртiбiн бiлуге, негiзгi қорғану әдiстерiн, зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсiлдерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдалану ережелерiн үйренуге, өздерiнiң осы бiлiмi мен практикалық дағдыларын ұдайы жетiлдiрiп отыруға;

- төтенше жағдайларды жою жөнiнде өткiзiлетiн оқу-жаттығуларға қатысуға, халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау құралдарына ұқыпты қарауға мiндеттi.  

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...39 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы