Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы

Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
21-бап. Тәрбиеленушi-балалардың ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен байланыстары



Ст. 21 Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113



1. Әкiмшiлiк тәрбиеленушiлердiң ата-аналарының құқықтары қалпына келтiрiлген, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және баланың мүдделерiне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларда олардың ата-аналарымен байланыс жасауына және табысуына кедергi жасамауға тиiс.

2. Әкiмшiлiк, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң басқа да жақын туыстарымен (ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiмен және апа-сiңлiлерiмен, аталарымен, әжелерiмен) байланыс жасап тұруына, мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтiн жағдайларды қоспағанда, кедергi жасамауға тиiс.

3. Тәрбиеленушiлермен ата-аналарының және басқа да жақын туыстарының байланыс жасауына әкiмшiлiктiң келiсiмiмен рұқсат етiледi.

4. Тәрбиеленушiлердiң бұрынғы отбасына қайта оралуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.  
4-тарау. ЖАСӨСПIРIМДЕР YЙI (ӘЛЕУМЕТТIК БЕЙIМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ)

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113