Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
22-бап. Жасөспiрiмдер үйi



Ст. 22 Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113



1. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың балансындағы жатақхана немесе пәтерлер Жасөспірімдер үйі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Жасөспірімдер үйі мемлекеттік мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.

2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының, балалар үйiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі Жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

3. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...37 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113