Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы

Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi



Ст. 27 Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113



1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оларды жүзеге асыруға, өзіне азаматтық мiндеттер жүктеуге, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде туындайды.

2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде он сегiз жасқа толғанға дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегіз жасқа толмаған әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адам некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.

3. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның құқық қабiлеттiлiгiнен немесе әрекет қабiлеттiлiгiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мұндай мәмiлелерге жол берiлетiн реттердi қоспағанда, жарамсыз болады.

 Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113