Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы

Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы
36-бап. Мемлекеттiк мекемелердегi тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қаржыландыру



Ст. 36 Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113



1. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Тәрбиеленушiлер мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын балалар ауылдарында (балалар үйлерiнде) болған кездерiнде оларға толық мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.

3. Жасөспірімдер үйлерінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдарға күндізгі оқу нысанында жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) бiлiм алуы кезеңінде толық мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...34 35 36 37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113