Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
12-бап. Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi



Ст. 12 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299



1. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi үшiн дипломаттық дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi: 

1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл; 

2) ІІ және I сыныпты бiрiншi хатшы, II сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл. 

І сыныпты кеңесшiден бастап және одан жоғары дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi белгiленбейдi. 

2. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерiне: 

1) Сыртқы iстер министрлiгiндегi және оған бағынысты ұйымдардағы жұмыс; 

2) шет елдердегi мекемелердегi жұмыс; 

3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерiндегi жұмыс; 

4) бұрынғы КСРО мен одақтас республикалардың сыртқы iстер министрлiктерiндегi жұмыс; 

5) халықаралық ұйымдардағы жұмыс; 

6) Сыртқы iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарындағы және ғылыми мекемелерiндегi ғылыми немесе оқытушылық жұмыс; 

7) Сыртқы iстер министрлiгiнiң саласы бойынша оқу орындары мен ғылыми мекемелерде бiлiктiлiктi арттыру; 

8) Сыртқы iстер министрлiгi жоғары оқу орындарына, аспирантураға, докторантураға және ғылыми мекемелерге уақытша жiберген адамдардың оқу мерзiмi есептеледi.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299