Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату



Ст. 18 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299



1. Дипломатиялық қызметтi тоқтату үшiн:

1) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң өз еркiмен жұмыстан босату туралы өтiнiш беруi; 

2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзу; 

3) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi; 

4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту; 

5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау; 

6) аттестаттаудың терiс нәтижелерi; 

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де себептер негiз болып табылады. 

2. Дипломатиялық қызметтiң персоналын жұмыстан дипломатиялық  лауазымға тағайындау құқығы берiлген тиiстi лауазымды адам босатады.

Дипломатиялық қызметтiң персоналы дипломатиялық қызмет органдарынан өз еркiмен кеткен кезде Сыртқы iстер министрлiгiнiң резервiне алынады.

 Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
5-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-бап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299