Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын көтермелеу



Ст. 21 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299



1. Қызмет бабындағы мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы: 

1) дипломаттық дәрежесiн мерзiмiнен бұрын өсiрумен; 

2) бiржолғы ақшалай сыйақымен; 

3) Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ведомстволық наградалармен; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеу шараларының өзге де нысандарымен көтермеленуi мүмкiн. 

2. Ерекше еңбек сiңiргенi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299