Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 22 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi

1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады. 

2. Дипломатиялық қызмет персоналына мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады: 

1) ескерту; 

2) сөгiс; 

3) қатаң сөгiс; 

4) дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру; 

5) лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету; 

6) дипломаттық дәрежесiнен айыру; 

7) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту; 

8) жұмыстан босату. 

3. Дипломатиялық қызмет персоналына тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...33

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299