Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету



Ст. 24 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299



1. Дипломатиялық қызметтi және оның органдарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 

2. Алып тасталды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

3. Құрметті консул аппаратының қызметін және соған байланысты iс-шараларды қаржыландыру құрметтi консул бөлетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады. 

4. Дипломатиялық қызмет органдары көлiкпен, қызметтiк үй-жайлармен, байланыс құралдарымен және басқа да қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етiледi. 

5. Дипломатиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдегi жылжымайтын және өзге мүлiктi иелену, пайдалану және оларға билiк ету тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.

 Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299