Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
29-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне ақшалай төлемдер жасау
Ст. 29 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежесi үшiн, шет тiлдерiн бiлгенi үшiн, мемлекеттiк құпия болып табылатын мәліметтермен жұмыс істегені үшiн ақшалай төлем алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өкiлдiк керек-жарағы құнының мөлшерiнде жыл сайынғы ақшалай өтем алуға құқығы бар.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң өкiлдiк керек-жарағы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң өкiлдiк керек-жарағы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Добавить комментарий к 29-бап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299