Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы
32-1-бап. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды қамтамасыз ету



Ст. 32-1 Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299




1. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдар осы Заңның 25-бабы 2, 3, 5, 7-12-тармақтарының, 29-бабының өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысын төлеу бөлігінде көзделген ақшалай қаражатпен, әлеуметтік, зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде тиісті шет мемлекеттегі мекемелердің персоналына теңестіріледі.

2. Егер Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдардың халықаралық ұйымда ақшалай қаражатпен, әлеуметтік, зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз етілуі тиісті шет мемлекеттегі мекемелердің персоналына қарағанда аз болса, теңестірілген лауазым бойынша айырма Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

3. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі мекеменің персоналына теңестіру Сыртқы істер министрлігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

 Ескерту. Заң 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.27 № 366-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


Статья 1 ...31 32 32-1 33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-1-бап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы 2002 жылғы 7 наурыздағы N 299