Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
14-бап. Үлескердің құқықтары мен міндеттері



Ст. 14 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ




1. Үлескер: 

1) осы Заңның 22-бабында айқындалған ақпаратты алуға; 

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге; 

3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уәкілетті компанияның тиісінше орындауын талап етуге құқылы. 

2. Үлескер: 

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол емес тәртіппен ақша салуға; 

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уақтылы орындауға; 

3) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) тіркелген пайдалануға қабылдау актісі болған кезде үлескер уәкілетті компаниядан хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесін беру туралы шартқа қол қоя отырып, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесін қабылдауға; 

4) іс жүзіндегі мекенжайы және (немесе) басқа да дербес деректері өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті компанияны күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.


Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ