Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктері



Ст. 19 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ




1. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының кездейсоқ қымбаттау тәуекелін, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мердігер (бас мердігер) көтереді. 

2. Мердігер (бас мердігер), егер өзіне байланысты емес себептер бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарының құны сметадан кемінде он пайыздан асып түссе, сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының сметадан он пайыздан асатын сомада кездейсоқ қымбаттау тәуекелін уәкілетті компания көтереді. 

3. Мердігердің (бас мердігердің) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мердігерлік шарты бойынша орындаған жұмысы үшін төлемдер төлеу инжинирингтік компания растаған орындалған жұмыстар актілері негізінде уәкілетті компанияның банктік шотынан жүргізіледі. 

4. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың құрылыс мақсаттарына пайдалануды осы Заңның 20-бабында көзделген талаптарды ескере отырып жүзеге асырады. 

5. Аяқталмаған құрылыстың меншік иесі уәкілетті компания болып табылады. 

6. Құрылыс салушының және уәкілетті компанияның банктік қарызды тартуынан және Кепілдік беру қорынан кепілдік алуынан басқа, олардың өзге міндеттемелері бойынша аяқталмаған құрылыспен азаматтық-құқықтық мәмілелерге тыйым салынады. 

7. Мердігер (бас мердігер), құрылыс салушы және уәкілетті компания кепілдік мерзімі ішінде жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген тұрғын үй (тұрғын ғимарат) көрсеткіштері сапасының сақталуына және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді. 

8. Құрылыс салушы және уәкілетті компания жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті. 

9. Уәкілетті компания тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлестің алаң бірлігін жобалау құнының тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңына арақатынасымен айқындалатын құннан төмен емес өткізуге міндетті. 

10. Құрылыс салушы уәкілетті компанияның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады. 

11. Уәкілетті компанияның осы Заңның 9 және 10-баптарында көзделген тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысын аяқтау бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы оның тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдалануға қабылдау мерзімін бұзуы болып табылады. Құрылыс мерзімін құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен әрқайсысы үш айдан үш мәрте созуға жол беріледі.


Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ