Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
22-бап. Уәкілетті компания ұсынатын ақпарат



Ст. 22 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ



1. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасу мақсатында жүгінген жеке және заңды тұлғаларға танысу үшін мынадай: 

1) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның атауы мен заңды мекенжайы туралы; 

2) мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын анықтаманың болуы туралы; 

3) Кепілдік беру қорымен жасасқан кепілдік беру туралы шарттың болуы және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу Кепілдік беру қорынан кепілдік алу тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда, оның негізгі шарттары туралы; 

4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы тәсілімен немесе тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен ұйымдастырылған жағдайда жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының болуы туралы; 

5) құрылыс салушы өткізген тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысы жобалары туралы; 

6) құрылысы болжанатын тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы объектісі туралы; 

7) уәкілетті компанияның жер учаскесіне тиісті құқығын растайтын құжаттың болуы туралы ақпаратты ұсынады. 

2. Құрылыс объектісі туралы ақпарат: 

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны; 

2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектінің орналасқан жерінің көрсетілуін және сипаттамасын; 

3) оның аяқталу мерзімдері туралы мәліметтерді; 

4) мердігердің (бас мердігердің) атауын, осы саладағы жұмыс тәжірибесін, лицензиясының бар-жоғын, өзі мердігер (бас мердігер) ретінде әрекет етіп, пайдалануға тапсырылған құрылыс объектілері туралы ақпаратты қоса алғанда, ол туралы негізгі мәліметтерді қамтиды. 

3. Уәкілетті компания өзінің интернет-ресурсында: 

1) объектінің атауы және оның орналасқан жері; 

2) айына бір реттен сиретпей жаңартылатын фотоесеппен расталған құрылыс барысы; 

3) құрылыстың аяқталу мерзімдері туралы мәліметтерді орналастырады. 

4. Уәкілетті компания осы Заңда белгіленген ақпаратты толық және анық бермеген жағдайда, үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ