Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
24-бап. Кепілдік беру қоры



Ст. 24 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ



1. Кепілдік беру қоры өз қызметін осы Заңның, жарғының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жүзеге асырады. 

2. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) құрылысын аяқтауға кепілдіктер беру Кепілдік беру қорының негізгі қызмет түрі болып табылады. 

3. Кепілдік беру қорының қызметін қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету кепілдік жарналар және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. 

4. Кепілдік беру қорының органдары: 

1) акционерлердің жалпы жиналысы – жоғары орган; 

2) директорлар кеңесі – басқару органы; 

3) басқарма – атқарушы орган болып табылады. 

Кепілдік беру қорында оның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...42 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 24-бап Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ