Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
34-бап. Кепілдік беру туралы шарт



Ст. 34 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ



1. Кепілдік беру туралы шарт уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады және кепілдік жарна төленген кезден бастап жасалған болып есептеледі. 

2. Осы Заңның нормаларына сәйкес: 

1) кепілдік объектісі – шарт нысанасы; 

2) кепілдік беру талаптары; 

3) кепілдік жарна мөлшері; 

4) кепілдік беру жағдайы және кепілдік бойынша жауаптылық; 

5) Кепілдік беру қорының міндеттемелерді орындау тәртібі; 

6) Кепілдік беру қорының құқықтары мен міндеттері; 

7) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның құқықтары мен міндеттері; 

8) құрылыс салушының және уәкілетті компанияның жауаптылығы кепілдік беру туралы шарттың міндетті талаптары болып табылады. 

3. Кепілдік беру туралы жасалған шарт үлескерлердің ақшасын тарту үшін негіз болып табылады.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...42 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 34-бап Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ