Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
35-бап. Кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету



Ст. 35 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ



1. Кепілдік беру туралы шарт бойынша құрылыс салушының, уәкілетті компанияның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін Кепілдік беру қоры уәкілетті компаниямен – аяқталмаған құрылыс объектісімен бірге жер учаскесінің кепіл шартын, сондай-ақ құрылыс салушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартын жасасады. 

2. Кепілдік беру қорының кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауы мақсатында Кепілдік беру қоры құрылыс салушымен кейінге қалдыру шартымен уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартын жасасады. Мұндай сенімгерлік басқару шарты кепілдік беру жағдайы басталған жағдайда күшіне енеді. 

3. Осы Заңның негізінде туындайтын кепіл шарттарынан шығатын қатынастарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ережелері осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. 

4. Осы Заңға сәйкес кейінге қалдыру шартымен дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шартының нысанасы болып табылатын мүлікке ауыртпалықтар салуға, құрылыс салушының және уәкілетті компанияның қызметі шеңберінде өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді. 

5. Осы Заңға сәйкес кейінге қалдыру шартымен сенімгерлік басқару шартының нысанасы болып табылатын мүлік құрылыс салушы дәрменсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының "Оңалту және банкроттық туралы" Заңына сәйкес конкурстық массаға қосыла алмайды.

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...42 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 35-бап Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ