Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жол жүрiсi туралы
24-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру

1. Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша: 

1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдауға және іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруге қатысуға; 

2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынастарда уәкілетті органның атынан өкілдік етуге; 

3) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарына және ұйымдарға Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар (қаулылар, ұсынулар) енгізуге; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге; 

5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының қызметіне басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар. 

2. Мемлекеттік инспекторлар жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер шығарады: 

1) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша акт; 

1-1) автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына, жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарына және теміржол өтпелеріне зерттеп-қарау жүргізу нәтижелері бойынша акт; 

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама; 

3) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама; 

4) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы. 

3. Жеке және заңды тұлғалар жол жүрісі саласындағы нормалардың, қағидалардың, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың сақталуы тұрғысынан бақылауға жатады. 

4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді, ал осы нұсқамалар бойынша қажетті шаралар қолданылмаған жағдайда, кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартады. 

Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЖӘНЕ
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІ
БАСҚАРУ

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...95

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться