Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
26-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру процесiнде оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар



Ст. 26 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының оң жақпен жүруі белгіленген.

2. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жол жүрісінің бірыңғай тәртібі, жол жүрісін реттеудің техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданылуы жол жүрісі қағидаларында белгіленеді.

Қазақстан Республикасының жолдарында орнатылған жол белгілері мен сигналдар, жарық жол сигналдары және жолдардың таңбалануы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келуге тиіс.

3. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi қызмет қолданылуы техникалық регламенттерде регламенттелген және жол жүрiсiн ұйымдастырудың жобалары мен схемаларында көзделген техникалық құралдар мен конструкцияларды кешендi пайдалану негiзiнде қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 26-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V