Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
36-бап. Жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және оларды басқару кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар



Ст. 36 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және оларды басқару автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптары негізінде және оларды сақтай отырып орындалуға тиіс.

Жолдарды жобалау, салу және реконструкциялау кезінде жол жүрісі қауіпсіздігіне теріс әсер ететін инженерлік шешімдер есебінен күрделі шығындарды азайтуға жол берілмейді.

2. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оны жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен келісуге және бекітуге жатады.

3. Жолдардың жай-күйінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде белгіленген талаптарға сай келуі үшін жауапкершілік жобалау кезеңінде – жобаны орындаушыға, ал реконструкциялау және салу кезеңдерінде жұмыстарды орындаушыға жүктеледі.

4. Пайдалану процесінде жолдардың жай-күйінің белгіленген қағидаларға, техникалық регламенттерге сай келуін қамтамасыз ету жөніндегі міндет иелігінде (қарамағында) жолдар бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.

5. Халықаралық автомагистральдар және азиялық автомобиль жолдары желілеріне кіретін жолдар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен халықаралық келісімдердің талаптарына сай келуге тиіс.

Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V